Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу саласында Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының үлкен тәжірибесі бар, сондай-ақ еңбек етушілерге әсер ету деңгейлерін өлшеуді жүргізу үшін барлық қажетті нормативтік-әдістемелік құжаттар және белгіленген тәртіпте салыстырылып тексерілген:
- химиялық;
- шуыл, діріл және ультрадыбыстық жүктемелер;
- электрстатикалық өрістер;
- электрмагнитті сәулеленулер;
- жарықтандыру;
- микроклиматты;
- радиациялық (гамма-сәулеленулердің, құрамда радон мен торонның болуы) деңгейлерді өлшеу құралдары бар
Барлық құралдар Атырау қаласындағы «ААҚ РҒЗО» ЖШС филиалының «Экологиялық мониторингтің сынақ мобильді орталығының» аккредиттелген құрамына кіргізілген.
Өндірістік объектілерді аккредиттеуге:
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтерге сәйкес ұйымдардың өндірістік объектілерін аттестаттау;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкес ұйымдардың өндірістік объектілерін кешенді бағалау кіреді.
«Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ның өндірістік объектілерді аттестаттау жұмыстарын жүргізу құқығы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына сәйкестігі туралы лицензияларымен, сертификаттарымен; аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген аккредиттеу аттестатымен; өндірістік орта мен еңбек жағдайларының факторларын зерттеу үшін білікті кадрлардың және зертхана жабдықтарының болуымен расталады