Экожобалау

2001 жылдан бастап «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС табиғатты қорғауды жобалау және нормалау саласында қызмет көрсетеді (2014 жылғы 27 ақпандағы №01637Р қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге мемлекеттік лицензия), нақты айтқанда:

  • табиғи қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жөніндегі жобаларды әзірлеу (ҚОҚБ, ҚОӘЕБ);
  • эмиссиялардың (ШРЕШ, ШРТ, ҚОН) нормативтер жобаларын, қалдықтарды басқару бағдарламасын, қалдықтар төлқұжаттарын әзірлеу;
  • санитариялық-қорғау аумағының көлемін негіздеу және өзгерту жөнінде жобаларды әзірлеу;
  • парниктік газдарды түгендеу жобаларын және төлқұжаттарын әзірлеу;
  • экологиялық аудитті өткізу;
  • қоғамдық экологиялық сараптаманы өткізу;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында кеңес беру;
  • кәсіпорындардың қызметі үшін табиғат қорғау құжаттамасын дайындау бойынша табиғат пайдаланушыларға абонементтік қызмет көрсету.

Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ның объектілерді экологиялық жобалау және нормалау бойынша қызмет көрсету құқығы: ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына сәйкестігі туралы лицензияларымен, сертификаттарымен; «Кәсіби экологиялық аудиторларының ұлттық палатасы» ОЮЛ Ассоциациясының куәлігімен; білікті кадрлардың, нормативтік-әдістемелік және материалдық-техникалық базаның болуымен расталады

Қызметтің барлық кезеңінде Орталық 2 000-нан астам жобаларды әзірледі және келісті, оның ішінде мынадай ірі кәсіпорындар бар: «Тенгизшевройл» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «КазМұнайТеңіз» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ, «Казхром»АҚ,  «Атырау мұнай өңдеу зауты» ЖШС, «Saipem Kazakhstan Branch» АҚ,  «Казмұнайгаз Өнімдері» АҚ,  «ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК, «Казахмыс Петролеум» ЖШС, «Қазақтүркмұнай» ЖШС, «ТЭК Қазақстан» ЖШС және т.б.

Жобалық табиғат қорғау құжаттаманы әзірлеу кезінде замануи экологиялық бағдарламалық өнімдер, «Атмосферадағы ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ның тұрақты түрде жаңартылып тұратын нормативтік-әдістемелік базасы пайдаланылады.  Экология саласындағы барлық жұмыстарды тиісті білімдері мен біршама жұмыс тәжірибесі бар біліктілігі жоғары мамандар орындайды.

Барлық әзірленген жобалық құжаттама қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісілді.