Табиғат қорғау қызметтің нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу және жетілдіру

Орталық қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттамасын әзірлеумен және жетілдірумен айналысады.

Орталық барлық қызмет кезеңінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті реттейтін 30-ден астам нормативтік құжаттарды әзірледі және бекітті, оның ішінде;

  • «2008-2010 жылдарға Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы, 2007 ж.;
  • «2008-2010 жылдарға Астана қ. салауатты қоршаған ортасы» Бағдарламасы, 2007 ж.;
  • «2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы, 2005-2007 ж.ж.;
  • «2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау», Мемлекеттік бағдарамасы, 2004 ж.;
  • 2.02.03-2004 НҚӘ «Пісру жұмыстары кезінде атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын есептеу әдісі (салыстырмалы салмақ шамасы бойынша)»;
  • 2.02.04-2004 НҚӘ «Стационарлық дизель қондырғыларынан болатын атмосфераға ластағыш заттардың шығуын есептеу әдісі»;
  • 2.02.05-2004 НҚӘ «Лак-бояу материалдарын жағу кезінде атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын есептеу әдісі (салыстырмалы салмақ шамасы бойынша)»;
  • 2.02.06-2004 НҚӘ «Металлдарды механикалық өңдеу кезінде атмосфераға ластағыш заттардың шығуын есептеу әдісі (салыстырмалы салмақ шамасы бойынша)»;
  • 2.02.07-2004 НҚӘ «Гальваникалық әдіспен металмен жабу өндірісі кезінде атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын есептеу әдісі» (салыстырмалы салмақ шамасы бойынша)»;
  • 2.02.08-2004 НҚӘ «Ағаш жасау өнеркәсібі кәсіпорындардың атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларын есептеу әдісі»;
  • 2.02.09-2004 НҚӘ «Резервуарлардан атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын есептеу әдісі»;
  • 2.02.11-2004 НҚӘ «Қалалар атмосферасының ластануының жиынтық есептемелерін жүргізу үшін автокөлік шығарындыларын анықтау әдісі»;
  • НҚӘ «КазТрансОйл» АҚ-ның ұйымдастырылмаған көздерінен қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын есептеу әдісі»;
  • НҚӘ «Жер ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы (оның ішінде, ауыршаруашылық мақсаттағы) экологиялық талаптар»;
  • КР СТ ИСО 14010-2001  «Экологиялық аудит бойынша басқарушы нұсқаулық. Негізгі принциптер»;
  • КР СТ ИСО 14011-2001  «Экологиялық аудит бойынша басқарушы нұсқаулық. Аудит процедуралары. Қоршаған ортаның сапа басқару жүйесінің аудиті»;
  • КР СТ ИСО  14012-2001  «Экологиялық аудит бойынша басқарушы нұсқаулық. Экология саласындағы аудиторлар үшін біліктілік талаптар»;

Сонымен қатар келесі нормативтік-әдістемелік құжаттардың және стандарттардың жобалары әзірленіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарына бекіту үшін берілді:

  • Мұнай өнімдерін және басқа да сұйықтықтар мен газдарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың (мұнай базалар, АҚС) шығарындыларын есептеудің әдістемелік нұсқаулықтары;
  • Тамақ өнеркәсіп кәсіпорындардың атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын есептеудің әдістемелік нұсқаулығы;
  • Сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары;
  • Қалдықтардың мемлекеттік кадастырын жүргізу жөнінде нұсқаулық;
  • Қалдықтарды түгендеу жөнінде әдістемелік  нұсқау (нұсқаулық);
  • Қалдықтарды жіктеу;
  • Қоршаған ортаға шығару нормативтерін анықтау әдістемесі;
  • Елді мекендер мен кәсіпорындардың аумақтарынан нөсерлік ағын қашыртқысын есептеу әдісі;
  • ҚР акваторияларында және теңіздердің сақтандырғыш аймақтары мен ішкі суқоймаларында мұнай операцияларын жобалау кезінде экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар;
  • Зымырантасығыштардың бөлінетін бөлшектерінің құлау аумақтарында ҚОӘБ өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар;
  • Парниктік  газдардың шығарындылары бойынша мониторинг, бағалау және есептілігі жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар;
  • Парниктік  газдар эмиссияларына квоталардың ішкі сауда қатысушыларын тірекеу және көміртек бірліктер тізілімін құру және жүргізу тәртібінің қағидалары;
  • Халықаралық табиғат қорғау Конвенциялардың негізгі ережелерін Қазақстанда жүзеге асыруды бағалау әдістемесі;
  • Озонды бұзатын заттардың және құрамында оны бұзатын өнімдердің импортына, экспортына лицензияарды беру қағидалары
  • Коммуналдық қалдықтар полигондарының құрылысы, пайдалану және жабу бойынша мемлекеттік стандарт (ҚР СТ);
  • Полигондарда коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму жөнінде тәртіптеме;
  • Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын жылжымалы көздердің зиянды (ластағыш) заттардың шығарындыларына қойылатын талаптар.

 

Қазақстан Республикасында ТМД-ның атмосфералық ауасын қорғау саласындағы ең соңғы нормативтік-әдістемелік құжаттамасы мен бағдарламалық жасақтамасын бейімдеу, келісу және тарату бойынша жұмыс жүгізілуде.