Сапа саласындағы саясат

САПА, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

Миссия

Барлық меншіктік нысанындағы кәсіпорындарға арналған экологиялық құжаттаманы әзірлеу және қоршаған ортаның сапасын басқару механизмі ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, қоршаған ортаға және ұйым қызметкерлерінің денсаулығына нұқсан келтірмей өз жұмысын орындау.

 

Басты мақсат:

Белгіленген нормативтік-әдістемелік талаптарға сәйкес бәсекелестікке қабілетті өнімді шығару.
Өз жұмысын орындау процесінде қоршаған ортаға жүктемені мейлінше азайту және компаниямыздың бизнесі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер, клиенттер, жеткізушілер, серіктестер үшін қауіпсіз және салауатты еңбек ортаны құру.

 

Қойылған мақсаттарға қол жеткізудің басты қағидаттары:

Тұтынушылардың, қызметкерлердің және қоғамның мүдделері үшін үдерістер тиімділігі мен нәтижелілігін тұрақты түрде арттыру;
Қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыру және сапа менеджмент (ИСО 9001 ҚР СТ) технологиясы мен жүйесі, қоршаған ортаны қорғау (ИСО 14001 ҚР СТ), кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау (OHSAS 18001 ҚР СТ) саласында кәсіптік даярлау жүйесін жетілдіру;
Өндірістің және қызметкерлерді даярлаудың келешектегі бағыттарына инвестицияларды тиімді бөлу;
Қоршаған ортаны қорғау, кәсіби қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы мемлекеттік, аймақтық заңнамалық нормаларды және талаптарды орындау;
Жұмыстарды тиімді және сапалы орындағаны үшін ұжымның әр мүшесін моральдық және материалдық ынталандыру негізінде уәждеме жүйесін әзірлеу.
Денсаулық жағдайының нашарлауын, оқиғаларды және жазатайым жағдайлары мен кәсіби жарақат алуын және кәсіби сырқаттарын алдын алу жөніндегі шараларды орындау;
Алдыңғы қатарлы және қауіпсіз, энергия және ресурс үнемдейтін, экологиялық таза және қалдығы аз технологияларды енгізу;
Біздің Компания Саясатты жүзеге асыру, сапа менеджмент жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық сақтауды тұрақты түрде жақсартуға және нәтижелі қызмет етуге арналған қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін өзіне жауапкершілік алады.