2009 жылы Атмосферадағы ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Астана қаласында «Зерттеу және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ИСО/МЭК 17025-2007 ҚР СТ талаптарына сәйкестігі жөнінде аккредиттелген экологиялық мониторингтің сынақ зертханасын ұйымдастырды. (2009 жылғы 26 ақпандағы №KZ.И.01.0369 аккредиттеу аттестаты). Қазіргі таңда экологиялық мониторингті өткізу шеңберінде аккредиттеу саласына сәйкес Орталық келесі жұмыс түрлерін жүзеге асыруда:
- Атмосфераға шығарылатын өндірістік шығарымдар газдарының сынамасын алу және хтмиялық талдау;
- Қоршаған ортадағы (ауыз су, табиғи, ағынды сулар, ауа, топырақ және грунт) ластағыш заттардың концентрацияларын анықтау;
- Физикалық факторларды өлшеу (шу, тербеліс, электрмагнит өрісі, электрстатикалық өрістің кернеулігі, жарықтылық) және аймақтарды радиометрикалық зерттеу, оның ішінде:
- Жұмыс орындарды, орынжайларды радиациялық бақылау;
- Қоршаған орта объектілеріндегі радионуклеидтердің мөлшерін анықтау;
- Радонның және басқа да радиоактивті газдардың, гамма түсірілімдердің және т.б. шоғырлануын өлшеу.
2013 жылы экологиялық мониторингтің сынақ зертханасы ААҚ РҒЗО Атырау қаласында құрылымдық бөлімшесін ашты.
Зертхананың даму тарихы:
- 2009 жылы алғашқы рет Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Зерттеу және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ИСО/МЭК 17025-2007 ҚР СТ талаптарына сәйкестігі аккредиттелді»;
- 2012 жылы Астана қаласында аккредиттеу саласы кеңейтілді;
- 2014 жылы Астана қаласында және Атырау қаласындағы құрылымдық бөлімшесінде қайта аккредиттелді;
- 2014 жылы Астана қаласында және Атырау қаласындағы құрылымдық бөлімшесінде аккредиттеу саласы кеңейтілді;
- 2014 жылы ilac халықаралық талаптарға сәйкестігі қайта аккредиттелді;
- 2015 жылы экологиялық мониторингтің сынақ зертханасының саласы кеңейтіліп, зертхана Атырау қаласына толық орналастырылды;
- 2015 жылы экологиялық мониторингтің жылжымалы зертханасы алғашқы рет аккредиттелді;
- 2016 жылы экологиялық мониторингтің сынақ зертханасының аккредиттеу саласы кеңейтілді;
- 2018 жылы жылжымалы және стационарлық зертхана бірігіп, экологиялық мониторингтің сынақ мобильді орталығына аккредиттелді
Компанияның зертханасында ірі кәсіпорын-табиғатты пайдаланушылардың өндірісітік экологиялық бақылау бағдарламаларына сәйкес өндірістік экологиялық мониторингті жүргізу үшін барлық қажетті нормативтік-әдістемелік, материалдық-техникалық және құрал базасы бар.
Құрал-аналитикалық жұмыстардың негізгі түрлері:
- атмосферадағы өндірістік шығарындылар сынамасын алу және химиялық талдау;
- қоршаған ортадағы ластағыш заттардың фондық шоғырлануын анықтау (ауыз суы, табиғи, ақпасулар, ауа, топырақ және жер);
- қоршаған ортаның физикалық факторларын өлшеу (шу, тербеліс, электрмагнит өрісі, жарықтылық, радиациялық ая).
Зертхананың техникалық қамтамасыз етілуі:
Зертхана замануи техникалық өлшеу құралдарын пайдалану арқылы ғылыми, өндірістік және аналитикалық зерттеулерді жүргізеді.
Зертханада тиісті ингриденттерді анықтау үшін пайаланылатын барлық әдістер ҚР Мемтізілімге кіргізілген. Зертханалық құралдар сертификациялаудан өткізіліп, бекітілген әдістер бойынша талдау өткізуге мүмкіндік беретін ҚР ИСМ техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітілген. Зертханада зерттеулердің заманауи әдістерін болашақта табысты енгізу үшін барлық жағдайлар бар.