Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

Орталық «қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық технологиялар» ретіндегі қызмет бағытын дамытумен белсенді айналысады, оның ішіне геоақпараттық жүйелерін, кәсіпорындардың корпоративтік экологиялық жүйелерін, экологиялық мониторингтің және деректерді талдаудың автоматтандырылған жүйелерін, экологиялық есептерінің қолданбалы шешімдерін және т.б.  әзірлеу кіреді.

«Қалалардың экологиялық төлқұжаты» ГАЖ қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығының негізгі компоненттерінің сапасын бағалауды қоса, кенттенген аумақтардың экологиялық жағдайын зерттеуге арналған тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберінде құрылған.

«Қалалардың экологиялық төлқұжаты» геоақпараттық жүйелерінде  ғылыми нәтижелер бар және ол ақпарат жинауға, дерекқорды жасауға, пайдаланушының сұранысы бойынша қоршаған ортаның ластану деңгейі бойынша картографиялық формада, кесте, график және мәтіндер түрінде мәліметтерді сақтауға, өңдеуге, қайта жасауға және беруге мүмкіндік береді.

«Қалалардың экологиялық төлқұжаты» ГАЖ-дың негізгі міндеттері:

  • қала жүйесінің жағдайын кешенді түрде сипаттайтын ақпаратты орталықтандырылған біріктіру;
  • экологиялық бақылаудың функцияларын оперативті түрде орындау және басқару шешімдерін қабылдау үшін табиғат қорғау қызметтерін мейілінше ақпараттық қамтамасыз ету;
  • қалалық орта компоненттерінің және тұрғындар денсаулығының жағдайы туралы мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми, жобалық және қоғамдық ұйымдарды, тұрғындарды расталған ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • кенттенген ауамақтардың экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу жүйесін дамыту және жетілдіру.

Орталық  ғылыми жұмыстардың құрамында республика аумақтары үшін бірқатар ЭКО төлқұжаттарын әзірледі:

  • «Астана қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Атырау қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Атырау қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Орал ө. бассейінің экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Ақтау қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Павлодар, Экибастуз және Ақсу қалаларының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Ақтөбе облысындағы құрамында сынап бар қалдықтар» ГАЖ
  • «Жанаөзен қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Ақтөбе қаласының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Мұнайлы ауданының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • «Маңғыстау облысының экологиялық төлқұжаты» ГАЖ
  • СҚО шегіндегі Ішім өзенінің бассейніне антропогендік әсер ету» ГАЖ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі мемлекеттік органдарының тапсырысы бойынша жүргізілді, оның ішінде:

·        ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

  • ҚР ауыл шаруашылық министрлігі;
  • ҚР білім және ғылым министрлігі;
  • Астана қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Жамбыл облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
  • Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармағы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.